Қария 8 жылға қамалды

Қостанай облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық соты өз күйеуін өлтірді деп қамалған 73 жастағы Юлия Чиловаға ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деген үкім шығарды.
«23 ақпан күні сағат 15:00 шамасында Қостанай ауданына қарасты Владимиров ауылының тұрғыны Владимир Чилов әйелінен 1000 теңге алып, дүкеннен арақ сатып алған. Шамамен, сағат 16:00-де алкогольді ішімдікке мас болған күйінде үйіне келіп, әйелін балағаттай бастайды. Қаңтар айында орны толмас қайғы – ұлдары қайтыс болған. В.Чилов марқұм ұлдарының өзінен емес екенін айтып, айыптай бастағанда, шыдамы таусылған Юлия Иосифовна балтамен күйеуінің басына, мойны мен кеудесіне бірнеше соққы жасап, зақым келтірген», – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Зейнеткер әйел есін жиғанда бәріне де кеш еді. Оқиға орнына келген медбике кісі өлімін тіркеп, полиция қызметкерлерін шақырған.
Сот үкімімен азаматша Ю.Чилова жалпы режимдегі түзету колониясына 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓