Тегін дәрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тегін дәрілер Тізбесіне сәйкес, диспансерлік есепте тұрған науқастар тегін кеңестер арқылы тегін дәрілерге қол жеткізе алады. Дәрілік заттарды аумақтық емхананың учаскелік дәрігерлері немесе бейінді мамандары (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) тағайындайды.
Дәрілермен тегін қамтамасыз ету, оларды дұрыс пайдалану, дәрілік заттардың тиімділігі және жанама әсерлері туралы толық ақпаратты, Сіз еліміздің кез келген аймағынан ДАТО Call-қызметінің 8 800 080 88 87 нөміріне хабарласып немесе www.druginfo.kz сайтына өз сұрағыңызды жолдап біле аласыз.
ДАТО 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылғандығын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда ДАТО еліміздің барлық 14 облысында және Астана, Алматы ққ. жұмыс жасауда.
Орталыққа қоңырау шалып өз сауалдарыңызды ресми сайтымыз-ға жолдаңыздар. Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСМ "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК.