Әсерлі ән-думан – Сарыкөл сахнасында

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында бастау алған облыстық салтанатты шара Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде өтті.би
Алдымен, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ғылыми-сараптама тобының мүшесі Гүлжан Ерменбаева сөз алды. Мәртебелі мейман өз сөзінде осындай бірегей жобаның Елбасымыздың «100 нақты қадам» атты бес институционалды реформа аясында іске асырылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, бұл еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың сенімді үлгісі екендігін айта келе, біздің байлығымыз – әрбір этнос, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы оның қорғаушысы іспеттес деді ол.
Бұдан соң әсерлі ән-думан да басталды. Киелі сахна төріне бірінен соң бірі көтерілген Талғат Молдағалиев, Вера Конвисарова, Әнуар Оспанов, Валерия Ким, Нұрахмет Махмұт, Айнұр Көбентаева, Мария Кубжасова сынды талантты өнерпаздар шараның сәнін кіргізіп қана қоймай, сарыкөлдіктерге тамаша көңіл-күй сыйлауға тырысты. Сондай-ақ, жүргізуші міндетін атқарған Гаяна Мартиросян да «Мен – қазақтың қызымын!» деп шабыттана ән шырқады. Талантты ұл-қыздардың өнеріне тәнті болған тұрғындар қайта-қайта қол соқты.консерт
-Менің ән салып жүргеніме біраз уақыт болды. Бірақ, биылдан бастап осындай ауқымды шараларға қатысып, аудандарды аралып жүрміз. Бұл – мен үшін үлкен тәжірибе. Өнерімді шыңдай түсуіме зор септігін тигізеді, – дейді жас әнші Нұрахмет Махмұт.нурахмет
Ал, талантты өнерпаз Әнуар Оспанов болса, дәл осындай шараларға жиі шығып жүргендігінің арқасында тәжірибесінің толысқанын айтады. Тіпті, аймақ атырабына танылып үлгерген.ануар
Айта кеткен жөн, концерт барысында қазақ, орыс, француз және корей тілдерінде әндер шырқалды. Бұл, әрине, бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан халқымыздың бірлігін паш еткендей әсер сыйлады.
 
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓