Денсаулық сақтау мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетовтің төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.Алқа отырысында Денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшыларының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы директорының баяндамасы тыңдалды.
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 47 мемлекеттік медициналық ұйымнан тұрады. Оларда 14 825 адам жұмыс істейді. Оның 1 920-сы – дәрігер және 6 059-ы – орта медициналық білімі бар қызметкер.
Жиын барысында облыста медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту және жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды. "Мүмкіндігінше соңғы үлгідегі медициналық жабдықтар орнатылып, емдеудің заманауи әдістері енгізілуде. Мұның бәрі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне оң әсер етеді. Мемлекет медицина қызметкерлері мамандығының маңыздылығын түсіне отырып, олардың мәртебесін қолдау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды. 2019 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері қосымша белгіленді, сондай-ақ жұмыс орны мен мамандануына байланысты материалдық қолдау көрсету мүмкіндігі көзделеді. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қолданылады, сондай-ақ сатып алу және құрылыс үшін жеңілдікпен кредит беріледі", – деп жазды облыс әкімі.Аймақ басшысының айтуынша, облыс көлемінде "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 185 адамға 158 млн теңгеден астам сома кқлемінде қолдау ақысы берілген.
Отырыс соңында облыс әкімі басшыларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және саланың басқа да өзекті мәселелерін шешуге тапсырма берді.