Алименттік қарызы 850 млн теңгеден асқан

Қостанай облысында «ҚазАгроТрейд» ЖШС банкроттық басқарушысына қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол ірі сомада пара алу үстінде ұсталған еді. Оның қылмысқа баруының себебі анықталды. 
Күдікті осы жылдың ақпан айында 50 млн теңге пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Аталған сома ол бопсалаған ақшаның тең жартысы болатын. Осы уақытқа дейін тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат берілмеген еді. Енді кризистік менеджердің алдына келген клиенттен не үшін ақша бопсалағаны белгілі болды.
«Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяқтады. Ол облыстағы кәсіпорындардың бірінің басшысынан күрделі мәселесін шешіп беру үшін 100 млн теңге талап еткен. Алименттік қарызы бастан асатын әлгі басшының жұбайын борышкерлер реестріне тіркеуге бір ғана шартпен көмектесетінін айтқан. Пара берушінің ертеректе ажырасқа әйеліне 2009 жылдан бері алимент төлемегені, осы кезге дейінгі берешегі 850 млн теңгеге жеткені анықталды», – дейді Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
Тығырыққа тірелген кәсіпорын құрылтайшысы әйеліне қарызын өтеу үшін дағдарысқа ұшыраған фирманың активтерін сатылымға шығарғысы келген. Осы кезде банкроттық менеджер мұқтаждық тартып отырған клиентіне өз талаптарын қояды, яғни ақша бопсалайды. 100 млн теңге пара берсе ғана банкроттық шаруасын оңтайлы шешіп беретінін, бәрі тек өзінің қолында тұрғанын айтқан.
«Бұдан әрі ол департаментке шағымданып, нәтижесінде күдікті ұсталды. Істі қылмыстық сот қарап, парақорды 8,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ бұрынғы банкроттық басқарушы коммерциялық ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік секторларда басшылық қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырылды», – деді департаменттегілер.
Сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтейді.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓