90 рет екпе салдырған
60 жастағы германиялық азамат вакцинация сертификатын сату үшін бірнеше айда 90-ға жуық рет екпе қабылдаған.
Әрекеті әшкере болған Магдебург қаласының тұрғынын полиция ұстады, деп хабарлайды Экспресс К Associated Press -ке сілтеме жасап.
Ер адам Айленбург қаласындағы медициналық пункте тұтқындалды. Ол бұл жерге екі күн қатарынан келген.
Полицейлер күдіктіден бірнеше екпе картасының бланкін тәркіледі. Өйткені ол әр жолы жаңа бланк үлгісімен келіп жүрген. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшыларының пікірінше, ол вакцинаға қарсы азаматтарға сертификат сату мақсатында осынша мәрте иммундалған болуы мүмкін.