«Сары» деңгей 30 күнге ұзартылды

Қалыптасып отырған жағдайға байланысты, терроризммен күрес жөніндегі Республикалық жедел штабының жетекшілері террористік қауіптің бірқалыпты «сары» деңгейін 16 шілдеден бастап 30 тәулікке созды. Бұл ақпараттарды мониторингтен өткізудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен қалыптастыру және  халықты лаңкестік актілерінің пайда болуы туралы хабардар ету Ережелеріне сәйкес қабылданды.
Осыған байланысты иесіз заттарға назар аудара жүрген абзал (сөмкелер, қорапшалар, түйілген, оралған заттар, чемодандар және т.б.), әсіресе, сымдары мен техникалық құрылғылары бар заттарға бейсауат қарамау керек. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда және транспортта күдікті адамдарды ерекше қаперге алыңыз.
Күдікті заттарға тиіспеу керек. Бөгде адамның қолынан беймәлім заттарды сақтауға алмаңыз және тасымалдамаңыз.
Құжаттарды тексеру кезінде құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне түсіністікпен қарап, оларға қолдан келгенше әрекеттестік танытыңыз.
Дүрлікпеге салынбаңыз, сабыр сақтап, мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын негізге алыңыз.
 
Терроризммен күрес бойынша республикалық жедел штабы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓