Жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тас жолында жол талғамайтын көлік пен жедел жәрдем соқтығысты.  Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, тағы 6 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  
«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» трассасында «Land Cruiser Prado» автомобилінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жедел жәрдем көлігіне соғылған, дейді Қостанай облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Юрий Панасенко.
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында ажал құшты. Жедел жәрдемнің тағы бір жолаушысы көптеген жарақатпен Октябрь ауылдық ауруханасына жеткізілді. Джип жүргізушісі мен ондағы өзге төрт жолаушы да дер уақытында ауруханаға жеткізілді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓