Адвокат парамен ұсталды

"Қостанайда сот адвокат Жеңіс Досмағамбетовке қатысты санкцияны қарады", – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.сот
«Бүгін Қостанайдың мамандандырылған тергеу соты адвокат Жеңіс Досмағамбетовті 2 ай үйқамаққа алуға қатысты шараны санкциялау жөніндегі өтінішті қанағаттандырды», – деп хабарлады облыстық сот.
Адвокатқа жауапты мемлекеттік қызметте істейтін тұлғаның ірі көлемде қаржы алуына ықпал етті деген күдік келтіріліп отыр.
Жеңіс Досмағамбетов 17 қазан күні Әулиекөл аудандық сотына 1 млн теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті. Оны Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының қызметкерлері ұстап, Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына отырғызды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓