Арқалықтық ғалым Нобель медальмен марапатталды
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, үлкен тәжірибе мектебінен өткен оқытушылар жетерлік. Солардың бірі – жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, институт профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Әбілхан Үмбетов.
Өмірін ғылым мен жастарға тәлім-тәрбие беруге арнаған ұстаз жақында Альфред Нобель атындағы алтын медальмен марапатталды. Бұл медаль профессорға Ресей Жаратылыстану академиясының шешімімен физика саласында қол жеткізген жаңалығы үшін беріліпті. Атап айтсақ, ресейлік атақты академия біздің жерлесіміздің ойлап тапқан «Лазерлік өлшеу құралы » атты еңбегін жоғары бағалап отыр.
Мешіт Ғазиз