Тағы да су құрбандары…
9-шілдеде Қамысты ауданында 18 жастағы жігіт суға батып кетті. Оқиға түн жарымына жақын болған. Қайғылы жайтқа қашықтан куә болған куәгердің айтуынша, бозбала жасанды көлге күмп беріп түсіп, сол беті жағаға оралмаған. Жігітті іздеуге құтқарушылар сағат 23.26-да келіп, сүңгуірлер денесін тысқа алып шықты.
Араға күн салып оқыс оқиға облыс орталығында қайталанды. 19 жастағы жігіт "Ақ Шаңырақ" мейрамханасы маңындағы жағалауда шомылып жүріп, тұңғиыққа батып кетті.