Сақтансақ қана…
Қостанай облысының тұрғындары арасында аса-қауіпті жұқпалы індеттің (соның ішінде Сібір түйнемесі) алдын алу және сақтық шаралары турасындағы түсіндірме жұмыстары жиі жүргізілуі керек. Бұл жоспарлы жүзеге аса бастады. «Аса-қауіпті инфекциялар, жұқтыру жолдары және олардан сақтық шаралары» тақырыбындағы дәрісті Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы Қостанай облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірлесіп, департаменттің жеке құрамына жүргізді.
Сабақ барысында аса-қауіпті жұқпалы індеттерін жұқтыру жолдары мен сақтық шаралары түсіндіріліп, слайдтар көрсетілді.
Мәлімет үшін айтар болсақ, ағымдағы жылы облыста адамдар мен жануарлар арасында Сібір түйнемесі ауруы тіркелмеген.
Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы.