Он екі рет пәтер тонаған ұры қолға түсті

Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 27 жасар ер адамды қолға түсірді. Сезікті бұдан дейін бірнеше рет сотталған. Келтірілген шығын көлемі 12 млн. теңге.
ұры пәтер
Мамыр-маусым айларында облыс орталығында бір-біріне ұқсас пәтер ұрлықтары жиі орын алған. Үйлерден асыл бұйымдар, тұрмыстық техника және ақшалар қолды болған. Әкі ұры пластик терезе және есікті сындырып кіру арқылы арам ойын жүзеге асырып отырған.
Қостанай қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы Е.Рақымовтың басшылығымен арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, оның қатарына тәжірибелі тергеушілер енген еді.
Соңғы рет қаскүнем 1 шілде күні  Әл-Фараби көшесіндегі пәтерлердің бірін кілтпен ашып кіріп, 25 000 АҚШ долларын қолды қылған. Іздеуде жүрген ұры осы жолы полицейлердің құрығына түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде.
Қостанай қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімінің берген мәліметі бойынша жыл басынан бері 800 жуық қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, ашылған.
  Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің материалы бойынша дайындалды.
Шұға Қоңқабай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓