Үш тарапты келіссөз

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Горселмаш» БАҚ және «Агромашхолдинг» АҚ-мен келіссөздер жүргізді. 1 (5)Келіссөздер аясында «Агромашхолдинг» АҚ аумағындағы ауылшаруашылық машина құрылысын дамыту мәселесі жөніндегі стратегиялық әріптестік, сондай-ақ «Горселмаш» БАҚ ауылшаруашылық техникасын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды. Тараптар экономикалық және өндірістік мүмкіндіктер оларға ұзақ мерзімді және өзара тиімді қызметтестікке жол ашады деген ұйғарымға келіп отыр. Мәселен, «Агромашхолдинг» АҚ-мен жасалған ымыра бойынша, жыл сайынғы комбайн өндірісінің көлемі 500 бірліктен аз болмауы керек. Сонымен қатар, нарыққа шығарылатын ауылшаруашылық тауарларының ассортиментін ұлғайту мақсаты да көзделіп отыр. Осы мәселелер турасында үш тарап келіссөз хаттамасына қол қойды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓