Нағыз қазақ – қазақ емес…
Облыстық "Қостанай таңы" газетінің төл жобасы "Домбыра-думан" дәстүрлі жалғасын тапты. Бұл жолғысы – былтырғысынан өзгерек, ауқымы кеңірек. Өйткені осымен үшінші рет өткізіліп отырған іс-шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ, Тұнғыш президент күніне орайластырылды. Шараның көрігін қыздырушы өнерпаздардың да, көрермендердің де саны көп.
Дені – жастар. Тағы бір айта кетерлігі, өнерлерін ортаға салмаққа Науырзым ауданынан, Рудный қаласынан жас домбырашылар арнайы келген. Осы жолы қазақтың қасиетті аспабының құлағында ойнайтын өзге ұлт өкілдері де бар.Қош! Көп күттірген мереке басталып та кетті. Алғашқы болып сахна төріне Сергей Новосельцев көтерілді. Дарынды күйші бірден бірнеше күйден үзінділер орындап, көрермен қауымның қошеметіне бөленді…
Әртүрлі мекемелерде қызмет атқарып жүрген мамандар да орта толтырып отыр. Әрине, бәрі – әуесқой домбырашылар. Дәл қазір шара жарасымды жалғасын табу үстінде…
Осы аталган шарага менде куагер болдым. Расымен де, арбир корерменнин делебесин коздырарлык мыкты куйлер мен термелер де болды. Шынымды айтсам, Костанайда мундай шаранын уйымдастырылганына тан калдым, ари куандым. Осы иги шара алдагы уакытта да оз жалгасын тапса деймин. Бул жалгыз менин гана емес, сол жерде отырган журеги казак деп соккан арбир мусылманнын тилеги дер едим.