Меморандум мақсаты – медиация жұмысын жандандыру

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі жақты меморандумның мақсаты – өңірдегі медиация жұмысын жандандыру.IMG_6503Сот төрелігінің әділ жүзеге асуын жолға қою және азаматтардың сотқа сенімін арттыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Әділдік сотта салтанат құрады. Ал сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие, барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс. Осы ой Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында айтылған. Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар белгіленді.
Дау-дамайдың бітімгершілікпен шешілуі құқықтық сауаты жоғары мемлекеттерде жиі көрініс табуда. Қос тараптың ерікті түрде ортақ келісімге келуін медиация деп атайды. Медиация жұмысын біздің облысымызда да жетілдіру керек. Ортақ іске қоғам болып үлес қосқанымыз абзал. Бұл мақсатқа жету үшін облыстық әкімдік пен облыстық сот арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Маңызды құжатқа қос тарап қол қойып, сот процестерінің ашықтығы мен жеделдігіне сенім білдірді.
-Өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда, сот жүйесінде, қоғамда медиация деңгейін арттырып, дау-дамай, қайшылықтардың салдарын азайтып, ортақ келісімге, ымыраға келу мысалдарын көбейту керек. Ол үшін облыстық әкімдіктің материалдық базасын нығайтуға көңіл бөлу керек. Сот жүйесі өз тарапынан осы келісімге келушілердің санын көбейтуге тиіс. Қоғам, ҮЕҰ, БАҚ саласы медиация институтының жұмысын насихаттауға бірлесе кіріскені жөн,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.DSC_1141Қазақстандағы сот жүйесінің қызметін сапалы әрі қолжетімді ету Елбасы Н.Ә.Назарбаев 100 нақты қадам»  Ұлт жоспарында нақты белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Қостанай облыстық соты жауапты іске кірісіп кетті. «Медиация туралы» ҚР заңын тұрғындарға түсіндіру белсенді түрде жүргізілуде. 2011 жылдан бер қарай қылмыстық іс бойынша 3 147 сот актісі медиация арқылы қабылданды. Азаматтық іс бойынша 2 169 медиаторлық келісім жасалды. Медиаторлардың қатысуымен өтетін сот процестері көбеюді.DSC_1142– Қоғамдағы дау-дамайлардың барлығын сотқа дейінгі медиация татуластыру арқылы шешуге аса көңіл бөлініп отыр. Қазақстандық сот жүйесіндегі өзгерістер Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған. Сот істерін жүргізудегі сапаның артуы қолға алынған тиісті жұмыстардың нәтижесі,-деді Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев. DSC_1143
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓