Мазаны алғаны үшін Қазақстаннан шығарылды
Қостанай облысында Ресейдің екі азаматшасы қоғамдық орында мазаны алғаны үшін ҚР аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
«Ресей Федерациясының азаматтығы бар сыған қызы Қарабалық ауданына келген. Мұнда олардың туыстары да, таныстары да жоқ. Олар бұл жерде қайыр сұраумен айналысқан», – делінген сот хабарламасында.
Қарабалық ауданының орталығында олар ауыл тұрғындарының мазасын алып, ақша немесе азық-түлік түрінде қайыр сұраған. Қарабалық аудандық соты ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөліміне (қоғамдық орындарда мазаны алу) сәйкес оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөнінде қаулы қабылдады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.