Қылмыскерлер құрықталды
Рудный қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан металл сынықтарын жинаушылар қоқыс жинайтын жердегі екі күзетшіні қатығездікпен өлтірді. Қылмыскерлер олардың үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.
Қостанай облысы ІІД тергеу баққармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сейітовтің ақпараты бойынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 25-43 жастардағы бес жергілікті тұрғын ұсталған, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Олар өз айыптарын мойындауда.
Күзетшілер мен қылмыскерлер арасындағы жанжал бірнеше келі түсті металға таластан шыққан. Зардап шеккендердің денесін 95 пайыз күйік шалып, олар оңалту бөлімінде көз жұмған.