Бақилық болған баласы үшін 10 млн. теңге талап етті

врачАйыпкер дәрігерге қатысты іс әлі аяқталған жоқ, бірақ енді азаматтық тәртіпте жалғасын табуда. Оның кесірінен қаза тапқан 4 жастағы баланың анасы Зәуреш Дүйсенбина Қостанай қалалық сотына облыстық денсаулық сақтау Басқармасынан, облыстық түбіркүлезге қарсы диспансерден моральдық шығынды өндіріп беруді өтініп жүгінді.
 
Оның баласы 2010 жылы Қостанай облыстық түбіркүлезге қарсы диспансерге өкпе аурулары бөлімшесіне түскен еді. Қабылданған препараттардың кесірінен ұл бала ес-түссіз қалпында көз жұмды. Айып ақ халаттылар тарапынан, олардың жауапсыздығынан болды.
Дәрігердің кінәсі толық көлемде дәлелденді. Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен жаза тағайындалып, сотталды. Қазіргі кезде үкім заңды күшіне енген.
Қайғыдан есеңгіреп, жанына жұбау таппай жүрген ананың айтуынша, ол әлі де, соңғы бес жыл бойы әділеттілік үшін күресіп келеді, ал дәрігерлердің қарым-қатынасы оны одан сайын құлазытқан көрінеді. Баласын жоғалту ананың психоэмоциялық жағдайына нұқсан келтірген.
Азаматша соттан жауапты тараптан 10 млн. теңге көлемінде моральдық залалды өндіріп беруге өтініш білдіріп отыр. 
Іс бойынша сот талқылауы 26 шілдеде, сағат 14.40-та өтетін болады.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓