Ұлық мейрамды ұлықтады

Нұр шашқан Рамазан айының Ораза айты – күллі мұсылман баласы үшін ұлық мейрам. Үш күнге созылатын осы мерекенің алғашқы күнін сарыкөлдік жамағат сағынышпен қарсы алды.IMG_2282
Әсіресе, Алла үйіне асықққан ағайын бір-бірімен төс қағыстыра көрісті. Алла разылығы үшін құлшылық жасап, садақа салып, дұға тіледі. Жамағат Ораза айт намазын оқыды.
Айта кеткен жөн, Аққозы қажы мешітіне жиналғандарды қасиетті мерекемен аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков құттықтай келді. Ол өз сөзінде Ораза айт мейрамының өзге күндерден артықшылығын айта келе, еліміз бен халқымызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.IMG_2247
Бұдан кейін көңілдері көтерілген көпшілікті ауданымыздың бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық құттықтады. Мешітке жиналған жамағатпен қажет намазын оқып, ел тыныштығы мен халық ынтымағы үшін тілек тіледі. Сондай-ақ, мереке соңында жаңбырдың жаууын тоқтататын дұға оқыды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓