Аудан әкімдері ауысты
Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты депутаттарымен келісім бойынша Қостанай ауданы әкімінің лауазымына Ахметов Қайрат Жұмашұлы тағайындалды.Архимед Мұхамбетов аудан активімен кездесуде аудан әкіміне бірқатар нақты міндеттер қойды.
Ахметов Қайрат Жұмашұлы 1965 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы «Каменурал» кеңшарында бөлімше агрономы болып бастады.
1988 жылдың сәуірінен 1989 жылдың қаңтарына дейін – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы «Қаратал» кеңшарында инженер-гидротехник болып істеді.
1989 жылдың ақпанынан 1993 жылдың мамырына дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Новонежин» кеңшарында аға агроном, экономист, бөлімше басқарушысы болып қызмет етті.
1993 жылдың мамырынан бастап 1994 жылдың қыркүйегіне дейін- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Қазанбасы» кеңшарының бас агрономы.
1994 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың наурызына дейін – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Қазанбасы» ұжымдық кәсіпорнының атқарушы директоры, директоры.
1997 жылдың наурызынан 2000 жылдың наурызына дейін – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы «Қызыл таң», «Қазанбасы» ЖШС директоры.
2000 жылдың наурызынан бастап мемлекеттік қызметке кірді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2002 жылдың қазанынан 2006 жылдың сәуіріне дейін – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.
2006 жылдың маусымынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін – Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры.
2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың қазанына дейін – Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі.
2010 жылдың қазанынан 2016 жылдың маусымына дейін – Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі.
Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының 4 тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты депутаттарымен келісім бойынша Федоров ауданы әкімінің лауазымына Исабаев Тәуба Қайыржанұлы тағайындалды.Өңір басшысы аудан активімен өткен кездесуде Тәуба Исабаевтың алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Исабаев Тәуба Қайыржанұлы 1967 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1993 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Селетин» кеңшарында бақташы болып бастады. Институтты бітіргесін осы шаруашылықта инженер болып істеді. 1996 жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке кірді. 1996 жылдың сәуірінен 1999 жылдың мамырына дейін Селетин, Ерейментау аудандарында әкім аппаратының сектор меңгерушісі міндетін атқарды. 1999 жылдың маусымынан бастап Ақмола облысы әкімі аппаратында жұмыс істеді. 2004 жылдың сәуірінен 2005 жылдың наурызына дейін Қостанай облысы әкімінің көмекшісі болды. 2005 жылдың наурызы мен 2014 жылдың маусымы аралығында Қостанай облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін Қостанай ауданының әкімі болып істеді.
Cелетин емес Сілеті ғой, жігіттер дұрыс жазып үйренейік
Ол әкімдіктен келген мәтін болатын