КҮРЕ ЖОЛ – КҮРЕТАМЫР

Шілденің басында үлкен көпір ашылады
 
Иә, шілденің бірі күні оның оң жақ бөлігі пайдалануға беріледі. Көпірдің негізгі тапсырыс берушісі – облыстық «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Нұрлан Молдатаев осылай деді.
– Қаланың Таран көшесі арқылы Тобыл өзенінің үстімен өтетін үлкен көпірдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Шілденің басынан бастап оның бір жағы көлік қозғалысы үшін ашылғалы оты р. Қазір монтаждау жұмысын аяқтадық. Енді қаптама тақталарды төсеу қалды. Сондай-ақ, көпірдің оң жағына асфальт құюды бастап кеттік. Ал, қалған бөлігі күзге дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі, – деді ол.
Бұл жолдың іске қосылуын ,әсіресе, Затобол кентінің тұрғындары асыға күтті. Үлкен көпір – облыс орталығын басқа да өңірлермен жалғайтын маңызды нысан. Оның жөндеу жұмыстарына жалпы 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақшы. Таран көшесінің бойындағы жылу жүйесін ауыстыру, газ құбырын және байланыс желісін қайта құру сияқты маңызды жұмыстар да қолға алынды.IMG_5018
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары облыс бойынша 1400 шақырымды құрайды. Ал үлкен көпірдің ұзындығы – 279, ені – 26 метр. Ені бұрынғыдан гөрі 15 метрге артық. Көпірді қайта жаңарту жұмысымен «Көпірқұрылыс 25-отряды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Айта кетейік, мердігерлік ұйым жұмыстарын өткен жылы бастаған. Былтыр көпірдің тіреуіш бөлшектерін құру, барлық коммуникацияларды қайта жаңарту секілді маңызды шаруалар аяқталды.IMG_5014 копия
Аталған жұмыстармен қатар жүргіншілер ары-бері өтетін тротуар да салынып жатыр. Оның ұзындығы – 3 шақырым, ал ені 1,6 метрді құрайды. Сол жақ бетінде де жұмыстар қыза түскен.
Көпірдің айналасын бүгінгі уақыт талабына сай келтіру бағытында да бірқатар жұмыстар істелуде. Екі жаққа тұғырлар орнатылып, оның маңын жарықтандыру мәселесі жан-жақты қарастырылған.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
                                          Суретті түсірген Алмас Батырхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓