“Тобыл” Марк Гурманды таңдады
"Тобыл" футбол клубы аты аталған футболшымен бір жарым жылға келісімшартқа отырды. Ол 18 нөмірмен алаңға шығатын болады. Ол бүгін таңертең командамен бірге Атырауға аттанды. Сондай-ақ, "Атыраумен" өтетін матчта алаңға шығуы мүмкін.
Жалпы Марк Гурманның мансабы Израиль клубтарында басталған. Ол Қазақстанда 2010 жылдан бастап доп тебеді. Алдымен, "Локомотив" және "Астана" жейдесін кисе, содан соң "Қайрат" сапында 104 матчқа қатысқан. Ал 2016 қайтадан "Астанаға" оралған футболшы маусым барысында 6 ойында өнер көрсетті.
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі