«Қытай ауларымен» балық аулауға тыйым салынды

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасы Тобыл–Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, үстіміздегі жылы балық ресурстарын қорғауға бағытталған іс-шаралардың сапасына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері көңіл көшітпейтін болып шықты.
 
ау
Инспекция жыл басынан бері тыйым салынған құралдармен балық аулау ережелерін өрескел бұзу (полиамид моножіптерден жасалған аулар) (ҚР ӘҚБтК 298-1 б. 2 б.) бойынша бар болғаны бір фактіні тіркеген болса, өткен жылы дәл осындай 6 факті анықталды. Сонымен қатар, жүргізілген «Таза су» акциясының нәтижесі, жоғарыда көрсетілген «Қытай ауларын» браконьерлар инспекцияның тарапынан қажетті деңгейде қадағаланбағандықтан өнеркәсіптік көлемде пайдаланылып келген. Көрсетілген акцияның екі кезеңінде де облыс су қоймасынан ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 143 ау тәркіленіп алынды.
Табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы негізінде, инспекция рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балық аулау ережелерін өрескел бұзу фактісі бойынша 2000 метрлік «Қытай аулары» тәркіленді. Мысалы, азамат П. Меңдіқара аудандық сотының 2014 жылдың 18 маусымындағы қаулысымен тыйым салынған құралдармен балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (18 520 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балық аулауға тыйым салынған заттар тәркіленіп алынды.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы.
 
Шұға Қоңқабай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓