Өткен жылды қорытындылады
by
Qostanaı tańy
·
16.06.2015
Өткен жылы Қостанай облысы бойынша тұрғындардың зейнетақы жинағы 20 милиардқа артқан. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары Ербол Көнеков хабарлайды. Оның айтуынша, облыс бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттарының барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 551 479 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының сомасы – 219 млрд. теңге.