Мамандар бас қосты
Қостанай қ. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары сәбиді ана сүтімен қоректендіру апталығына байланысты арнайы жиын өткізді. Онда мамандар дәріханаларда сатылатын жасанды сүттің нәресте үшін зияны мен ана сүтінің пайдасы туралы жан-жақты мәліметтер берді. Сондай-ақ, жиын барысында мамандар қызылша дерті мен оның алдын алу туралы да сөз етті. Ағымдағы жылдың өзінде осы дертке шалдығудың 66 жағдайы анықталған көрінеді.