Бүгін дүниежүзілік шоколад күні
1995 жылы алғашқы рет француздар шоколад күнін ойлап тауыпты. Шоколадты жасауды бірінші ацтектер үйренді деген пікір қалыптасқан. Олар оны “құдайлар асы” деген. Еуропаға алғаш жеткізілген Испан конкистадорлары бұл тәттіге “қара алтын” деген атау берген және оны дене күшін нығайтуға әрі шыдамдылық үшін пайдаланды.
Біраз уақыттан кейін Еуропада шоколадты ақсүйектер әулеті ғана пайдаланған. Тек, 20-шы ғасырдың басында шоколадты өндіретін өндіріс пайда болғаннан бастап, ақсүйектер әулетіне жатпайтын адамдар да шоколадты рақаттана пайдаланды. Қазіргі заман ғылымының айтуы бойынша шоколадта демалуға көмек көрсететін, психологияны орнына келтіретін элементтер бар көрінеді. Шоколадтың күңгірт түрі эндорфинді тудырады, эндорфин – бақыт гормоны, ол қуаныш орталығына әсер етіп, көңіл-күйді жақсартады. Шоколадтың “қатерлі ісікке қарсы” күшті әсері бар деген болжамда бар және ағзаның қартаю процесін тоқтатын қасиеті бар деседі.
Дүниежүзілік шоколад күніне орай, қаламызда да сенбі күні мерекелік іс-шара өтеді деп күтілуде.
Қарлығаш Оспанова