Іздегені – жұмыс, “тапқаны” – сот

26 жастағы лисаковтық азаматша жеңіл жолмен табыс табуды ойластырған. Өзінің таныстарын, танысың таныстарын жұмысқа орналастырмақ болған. Атап айтқанда, "Варваринское" ЖШС-не 100-200 мыңдық айлығы бар бос орындар "тауып берген". Бұл көмегі үшін таныстарынан белгілі сомада ақша алып, арнайы киім, медициналық анықтама дайындап беруге де көмектесетінін уәде еткен. Ал зардап шегушілер оның тек сөз жүзінде ғана аталған серіктестікте жұмыс істейтінінен хабарсыз болады. Әйткенмен, қуаяқтың әрекеті әшкере болып, сот алдынан бір-ақ шықты.суд приговор
Құқыққорғау органына 10 азамат алаяққа қарсы шағым түсірген. Ол қалтасы қағылғандарға 173 900 теңге қарыз. Бір тиынын қалдырмай иелеріне қайтаруға екі ай уақыт берілді. Сондай-ақ сот азаматшаны шартты үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Шешім бойынша, ол тұрғылықты мекенжайын, оқу немесе жұмыс орнын ауыстыруға, басқа елді мекендерге тәртіп сақшыларының рұқсатынсыз баруға қатаң тыйым жарияланды. 
Дегенмен, ол бостандықта болғандықтан, тұрғындарға абай болу ескертіледі. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓