Бейнебайланыс арқылы қабылдау өткізілді

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев онлайн-формат арқылы Қостанай гарнизонының әскери қызметшілерін қабылдады. Төрағаға гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінен барлығы 19 адам өздерінің көкейтесті сауалдарын жолдау мүмкіндігіне ие болды.телемост
Қойылған сұрақтар көп тарапты – тұрғын үй және еңбек қатынастары, сондай-ақ, сот құрылысы саласындағы жаңа енгізілім мен өзгерістер және әскери соттардың құрылымы туралы.
Төраға барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап беріп, жаңа азаматтық-процессуалдық және қылмыстық-процессуалдық кодекстердің қағидалары, апелляциялық және кассациялық сатылар шешімдеріне
шағым білдіру ерекшеліктері, тергеу судьясы туралы түсінік берді.
Сондай-ақ, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданып жатқандығына тоқтады.
Осы тақырыпта ҚР Әскери сотының интернет-ресурсында «Төраға блогы» функционалының барысын жариялап, оған сұрақтармен жүгініп, жақын мезгілде жауап алу мүмкіндігін айтып өтті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓