Қамысты қарқынды дамып келеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жұртшылық арасында түсіндіріп, өңірлердің жалпы тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін ҚР Мәжіліс депутаттары еліміздің түпкір-түпкіріне жол тартты. Халық қалаулылары Қостанай облысына қарасты Қамысты ауданына да ат басын бұрған-ды.
ҚР Мәжіліснің депутаттары Сергей Симонов пен Әлия Сапарова Қамысты ауданы төңірегінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асқан жобалармен танысты. Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды бағамдау үшін әуелі Арқа ауылына аялдады.Арқа ауылы тұрғындарының игілігі үшін жақында жаңа су сорыу стансасы салынған. Бұл – Қамысты ауданындағы елеулі оқиғалардың бірі.
Нысанның құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Жуық күндері қолданысқа берілмек. Ауылдағы негізгі сумен жабдықтау жүйесін және учаскелерді бөлу желілерін қайта құру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асып отыр. Жоба құны – 409 миллион теңге. Тапсырыс беруші – жергілікті архитектура бөлімі. Бас мердігер — «Инсект» ЖШС. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 28 шақырымды құрайды, оның көбісі (20 шақырым) су тарату желілеріне бағытталған. Құбырлар, құдықтар, ұңғылар, өрт сөндіргіштері, су есептегіштері ауыл тұрғындары үшін өткен жылы пайда болған.
Таза су бүгіндері 300-ден астам аулаға жетіп тұр. Әр үйге құбыр тартылған. Алайда ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, ауызсуды үйлеріне өздері кіргізіп алуы керек. Оның құны үйдің орталық құбырдан алшақтығына байланысты есептеледі. Әр метрі – 3 мың теңге.
Бұл ауылда су құбырлары тек Кеңес үкіметі тұсында ғана болған. Кейін әбден тозығы жетіп, істен шығады. Сол себепті ауыл 20 жылдай ауысзудан қол үзіп қалған. Тек «Краснооктябрь боксит кешенін басқару» мекемесі тасымалдап келген. Міне, аудан көлеміндегі кез келген мәжілісте әуелі көтерілетін мәселе бүгін шешімін тауып отыр. Бұған қоса, жаңа жұмыс орындары да пайда болды.
-Көлемі 250 текше метр болатын екі су қоймасы мен су мұнарасы бар. Бұл ауылды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ететін болады. Жобалаушылардың есебіне сүйенсек, оқыс оқиға болса да ауысзу үш-төрт күнге жетеді,-дейді «Инсект» ЖШС-і бөлімшесінің басшысы Владимир Шпара.
Мердігердің айтуынша, ауызсу құбырын ертерек аяқтауға қажетті жабдықтардың кешігіп келуі себеп болған. Арқа ауылындағы су сору құбырлары Италияда жасалған. Ал көршілес Ресей нарығында дәл осындай Еуропа өнімдеріне шектеу бар. Сондықтан, еуропалықтар тауарды Түркия арқылы әкелуге мәжбүр.
Қазіргі таңда аудан орталығынан бөлек дербес 15 ауыл бар. Олардың 40 пайызы ғана ауызсумен қамтылған. Арқа ауылындағы игілікті іс арқылы бұл көрсетікш 50 пайыздан асып түсті.
-Бұл мәселені бірыңғайлау үшін елімізде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендерде ауызсу болса, қыруар шаура шешіліп қалар еді. Сол себепті бюджетті талқылағанда ауылдағы ауызсу бағдарламалырана қанша қаржы бөлінетіндігіне аса мән береміз. Былтыр мен үшжылдық жоспарға, яғни 2017-2020 жылдары аралығында, ауылдардағы ауызсу үшін тағы да 10 млрд теңге бөлуді талап еттім,-дейді Мәжіліс депутаты Сергей Симонов.
Сондай-ақ, депутаттар Президент жыл сайын аталмыш мәселеге 100 млрд теңге бөлуді тапсырғандығын атап өтті. Осылайша, 2020 жылға дейін барлық елді мекендерді ауызсумен қамтымақ. Тапсырманы уақытылы аяқтау үшін Елбасы қаржыландыруды арттырған болатын.Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедовтың айтуынша, барлық жиналыста көтерілетін мәселе бір. Ол: жол және ауызсу. Бұл сұрақ шешімін тапса, халық газ сұрайды. Әзірге Қамысты-Алтынсарино табиғиз газ құбыры бойынша тек сынақ жұмыстары жүргізілген.
Қонақтар Қарабатыр ауылындағы балабақшада, кітапханада, музейде және жаңа мәдениет үйінде болды. Мұндағы мәдениет үйін кейбір аудан орталықтарында да кездестіру қиын. Күрделі жөндеу жұмыстарынан соң жаңа кейіпке енген. Мұндағы үлкен концерт залын бір мезетте оп-оңай 3D-кинотеатрына ауыстыруға болады.
«Агрофирма Карабатыр» ЖШС-нің басшсы Марат Құдайқұловтың айтуынша, алдағы жоспарда ауылдық саябақты жөндеу жоспарда бар. Қарабатырдағы музейде кісі қызғарлықтай. Ауыл тарихынан сыр шертетін құнды жәдігер көп. Алғашқы құрушылар, шаруалар жайында деректер сақталған. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі мағұлмат жетерлік. Елбасы Назарбаев та мұнда жиі ат басын бұрған. Әр сапарынан суреттер сөйлеп тұр.
-Адамдардың тұрмысына жақсы жағдай жасасан тұрғындар ешқайда кетпейді. Біз ауылды сақтап қалуымыз керек. Мәселен, біздің мәдениет үйі бір күнге болса да босамайды. Үнемі түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Қазақстандағы барлық ауылдар осылай жұмыс істейтін болса, жастар ауылда қалар еді,-дейді кәсіпкер.
Бұдан соң халық қалаулылары аудан орталығына ат басын бұрды. Мұнда жергілікті активпен кездесіп, Елбасы Жоладуын жеткізді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Сурттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.