Әкімдерге арналған семинар

Қостанай облыстық әкімдігі мен өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығында қала және аудан әкімдеріне арналған екі күндік семинар өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Арман Әбенов және бірқатар басқарма басшылары қатысты.
  оқу– Бұл семинарды өткізудің мақсатын жақсы білесіздер. "Өңірді дамытуды басқарудың өзекті мәселелері" тақырыбын бүгін талқыға салғалы отырсыздар. Екі күндік семинарда сіздермен бірге облыстық әкімдіктің басқарма басшылары аймақтың әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық дамуының жетістіктерін және жоспарларын талқылайды. Өзара пікірталас өткізесіздер, – деп Арман Әбенов семинарға жиналған қала, аудан әкімдеріне екі күндік жоспарды қысқаша әңгімелеп берді.
Семинар барысында қатысушылар Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен ұлы ағартушы атындағы мемориалдық мұражайында сурет галереясын тамашалады.
Екінші күні олар Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылында болып, "Ауыл аймақтың дамуы" тақырыбында дәріс өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әкімдердің біліктілігін арттыруда бұл дәрістер келешекте өз нәтижесін беретін көрінеді.
 
Нұрболат  МЕШІТБАЕВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓