Бүгін Қазақстан полициясының күні

Облысымыздың ішкі істер саласы қызметкерлері мерекелік шараны атап өтуде. Аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі полицияның бас ғимаратына келіп, полиция даңқы мұражайының тұсауын кесті. Мұражай ішкі істер саласының өткен тарихынан бүгінгі күнге дейін қолданыста келе жәдігерлеріне толы.IMG_1549Мерекелік шара Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда жалғасты. Құттықта сөз алған өңір басшысы тәртіп сақшыларын ел тыныштығын қорғау жолында аянбай қызмет етіп келе жатқанын жеткізіп, соңғы жылдары аймағымыздағы полиция саласына үкімет тарапынан айрықша көңіл бөлінген деді:IMG_1576– 2012 жылдан бері облыстық ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға жергілікті бюджеттен 24 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатқа 98 автокөлік, 3 мыңға жуық жабдықтар сатып алынып, қосымша бейне-бақылау камералары орнатылды. Бұл тәртіп сақшыларының сапалы әрі жедел әрекет етуіне зор септігін тигізуде. Ал биыл жергілікті полиция қызметі құрылды.IMG_1609
IMG_1612Облыс әкімі соңғы үш жылда халықтың полицияға деген сенімінің артқан деді. Айтуынша, полицияның есептік кездесулеріне 50 мыңнан астам қатысқан. Соған сәйкес қылмыстың да азайғандығын көріп отырмыз деді. Екі жүзден астам тәртіп сақшысы қызметін мінсіз атқарып, басқаларға үлгі болса, жүзден астамы ел тыныштығын қорғап, халықтың алғысына бөленген. Архимед Мұхамбетов осындай өнеге берген ардагерлердің зор еңбегін атап өтті.IMG_1673
Өңір әкімі сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаментіне 2,5 млн. теңге тарту етіп, оны мекеме бастығы Б.Аймағамбетовке тапсырды. Салтанатты шара барысында тәртіп сақшылары да қалтқысыз қызметі үшін марапатсыз қалған жоқ. ҚР ІІМ бұйрығымен облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығының орынбасары Н.Зауланбаев полиция полковнигі шенін тақты.IMG_1685
IMG_1688
Марапатқа ие болғандар тізімі:
 
«Тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі – Жітіқара өңірлік ІІБ бастығы С.Нұртаев;
ҚР ІІМ Құрмет грамотасы – Ұзынкөл аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ю.Бороздин;
ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі – Арқалық қалалық ІІБ кезекші бөлімінің бастығы М.Жұмашев, Таран аудандық ІІБ бастығының орынбасары Қ.Оразбаев, Алтынсарин аудандық ІІБ аға тергеушісі Ю.Евстегнеев, облыстық ІІД жедел-криминалистік басқармасының аға криминалисі Ә.Кәрбаев;
ҚР ІІМ Грамотасы – Рудный қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы рота бөлімінің командирі Ж.Досжанов;
ҚР ІІМ Алғыс хаты – Таран аудандық ІІБ Тобыл елдімекенінің учаскелік инспекторы О.Витвицкий және облыстық ІІД арнайы тобының қызметкері С.Ахметші.
Ал Алтынсарин аудандық ІІБ қызметкері Т.Әшімқанов, Федоров аудандық ІІБ қызметкері В.Рыжковқа алғыс жарияланды.
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓