Бұзақы 7 жылға қамалады

Лисаков қалалық сотында 25 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. хулиган
Бұзақы әуелі өзінің танысын ұрып-соғып, ұялы телефоны мен 26 мың теңгесін тартып әкеткен. Кейін қасына өзі секілді тағы бір басбұзарды ертіп алып, пәтерінде арақ-шарап ішеді. Мастыққа салып, қасындағы серігін соққының астына алған. Оның да "себебі" бар – "досын" өз атына несие рәсімдеуге міндеттегісі келген. Қылмыстық іс материалына сенсек, айыпталушы жәбірленушіні тәулікке жуық уақыт қинаған. 
Мұнан соң, қылмыскер өзге бір таныстың үйіне барып тұрып, ноутбугын бүкіл құрал-жабдығымен тартып алған. Компьютер 150 мың теңгенікі болған.  
"Олжасын" қолтықтап, қол-аяғы байлаулы, басына полиэтиленді пакет киілген қалпы қалған "досы" жатқан үйге қайта оралады. Келіп алып, ұруды тағы жалғастырған. Басынан төрт-бес рет орындықпен соғып, денесінен қолмен ұрғылап, аяқпен үсті-үстіне тепкілеген. Бұл жолғы зорлығының мақсаты – 50 мың теңге талап ету. 
Тәртіп сақшыларының қолына түскен бұзақы осы қылмыстары үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓