ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ – ЖАҢА ЖАСАҚ

Қазір – қостанайлық құтқарушылардың жұмысы қызған тұс. Олар жағажайдағы шомылушыларды тыстай бақылап қана отырған жоқ, келеңсіз оқиғаларға жол бермеу үшін демалушыларға судағы қауіпсіздік тәртібін түсіндіріп, парақшалар таратып, профилактикалық рейдтер жүргізуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылдан бастап судан құтқару станциялары жұмыстарын тоқтатқан. 1 (5)Енді бұл бөлімше Солтүстік өңірлік аэроұтқыр шұғыл құтқару жасағына қосылды. Осы жылы да шомылудың арты қайғылы аяқталған оқиғалар тіркелді. Жылдың басынан бастап он екі адам суға батып мерт болды, оның үшеуі – балалар. Барлық оқыс жайттар арнайы жабдықталмаған орындарда және құтқару бөлімшелерінің әрекет ету аймағынан тыс жерлерде болған. Шомылу маусымы басталғалы бері судан құтқарушыларға полицейлер де көмекке қосылған. Айтқандай, Қостанайда балаларға арналған жағажай жабдықталмақшы. Онда сүңгуірлер кішкентай тұрғындарға жүзу сабағын жүргізетін болады.1 (1)
– Рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда ғана шомылу қажет. Техникалық ескерту белгілерінен асып кетпеуді қадағалаңыздар. Әр жағажайда өзінің қарау бекеті болады. Құтқарумен солар тікелей айналысады, – деді СӨАҚЖ басшысы Аиб Базарбаев.
Жасақта құтқарушылардың кәсіби шеберліктерін өсіру үшін жаңа бағыттарды іздеу бойынша тұрақты  жұмыс жүргізілуде. Оларға сертификаттар беріледі. Айта кетейік, бүгінде Қостанайдағы үш жағажайда күзет қызметі жұмыс істейді. Аиб Қапиятұлының айтуынша, облыс бойынша 76 құтқарушы бар. Оның 45-і Қостанай қаласына тиесілі.
 
Суреттерді түсірген Алмас Батырхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓