Қостанай қауіпсіз аймақта
Республикалық жедел штабтың шешімімен Қостанай облысының аумағынан террористік қауіптің қызыл деңгейі алынып тасталды. Бұл туралы облыстық комендатура мәлімдеді.
Сондай-ақ, полицияның хабарлауынша, аймақта 2022 жылдың 5-19 қаңтары аралығына Төтенше жағдай режимі сақталады. ТЖ шеңберінде сағат 23:00-ден 07:00-ге дейінгі коменданттық сағат кезінде автокөліктер қозғалысына тыйым салынады. ТЖ режимін бұзған азаматтар ҚР КоӘҚ 476-бабы бойынша, айыппұл немесе қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.