Жаңа жүйе
Биыл Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл кодекс 2015 жылдың 1қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясы елдегі қыл-мыстық саясаттың даму бағытын іске асырудың кезекті кезе-ңіне бастама болады. Кодекстің дайындалуы халықаралық тәжі-рибе мен қоғамдық заманауи даму заңдылығына негізделген. Заң жобасында қамтудың басты идеясы болып табылатын жазалауды орындаудың маңызды принциптері көрініс табады. Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциясында ұсынылып отырған тетіктер қылмыстық жазалауда әділеттіліктің үстемдік етуін қамтамасыз ету. Алайда, сотталғандардың құқығы да аяқ асты болмауы керек.
Қылмыстық-атқару кодексінің ең алдымен, қылмыстық заңнаманы жетілдіруге, қылмыстық жазаны өтеудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа кодекс толық бірқатар новелладан тұрады, қылмыстық жазаларды орындау жөніндегі қызметтің тиімділігін жоғарылатуға, жазаның тәрбиелік-профилактикалық функциясын күшейту, сонымен қатар оны жазалау салмағын төмендету.
Жаңа кодексте бас бостандығынан айыру орындары мынадай дәрежелерге бөлінді: мекемеде қысқа, орта, төтенше, толық, аралас қауіпсіздік. Осы сияқты қауіпсіздік сатыларға бөлу жазасын өтеу жағдайларының тиімділігін жоғарылату үшін толық амалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылымын ретке келтіру және қылмыстық-атқару жүйесін мекемеде қызметінің ережесін ұйымдастыру бейнесі бола алады.
Кодекс жобасы бойынша жазаны орындау тетігі – ең алдымен прогрессивтік жүйе бойынша бостандығынан айыру, пробациялық бақылау механизмі үшін құқықтық негіз қалау, сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Жаңа заң адам құқығы үшін айтарлықтай әсер етеді. Жазасын өтеушілер мен жауапқа тартылғандардың өмірін белгілі бір деңгейде жақсартады. Азаматтық және саяси құқық бойынша жазасын өтеушілерді интеграциялаудың талаптарын қарастырады, жазасын өтеушілерді әлеуметтендірілуі мен интеграциялауына маңызды қадамдар қарастырылған.
Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа баспасының тұжырымымен сотталғандардың тәртібін сапалы бағалауын (сотталғанның тәртібінің дәрежесі) анықтау құралы жөніндегі сотталғанның тәртібіндегі құқық тыңдаушылығы болып табылады, яғни әрбір сотталғанға қатысты жеке көзқарасы және ыңғайластыруды қамтамасыз ету.
Сотталғанның түзелу дәрежесін анықтау жүйенің алға басуының қолдану кездерінің кілті болады. Осылайша, сотталғандардың тәртібі жақсы жағынан бірінші, екінші, үшінші дәрежеде сай сипатталатын болады. Ал белгіленген жаза өтеу тәртібін бұзғандар, белгіленген жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғандар болып бөлінеді.
Басты назар бостандығынан айырылғандарға бөлінген. Алдымен, сотталғандардың бас бостандықтарынан айырылғандарды жіктеу, еңбекті, режимді, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді заң бойынша реттеу, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетуге көңіл аударылған. Сотталғандардың өз еріктерімен жұмысқа белсенді қатысуын ұйымдастыру, сотталғанның режим талаптарын сақтауды қалыптастыру. Сотталғандар жазасын өтеп босатыл-ғаннан кейін қайтадан түрмеге түспеуі маңызды.
Жаңа заң халықаралық талаптарға сай жауап береді, өйткені көптеген елдерде тәжірибеге алынған.
Д.БЕЛГІБАЕВ,
"УК-161/1 мекемесі" РММ бастығы.