Дәрігерлер додаға түсті
Рудный қаласындағы емдеу-профилактикалық ұйымдардың қызметкерлері волейбол және тоғызқұмалақ ойындарынан жарысты. Бұл шара Медицина қызметкерлері күніне, облыстың 80 жылдығына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Қорытындысында волейболдан үшінші орынға Рудный қалалық емхана ұжымы ие болды. Екінші жүлде – қалалық қан дайындау бөлімшесі еншісінде. Түбіркүлезге қарсы диспансер бірінші тұғырдан көрінді. Тоғызқұмалақтан да осы диспансер қызметкері Әлия Долдабаева топ жарды. Жүлдегерлерге дипломдар және «Спортландия» дүкені тағайындаған сыйлықтар табысталды.