Мәуліт мерекесі кең көлемде аталып өтілді

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қалалық ішкі саясат және мәдениет бөлімдерінің ұйымдастыруымен адамзаттың ұлық пайғамбары Мұхамед с.ғ.с мәуіліт мерекесі кең ауқымда аталып өтілді.DSCF7968 Мәулітке халық көп жиналды. Құран оқылып, пайғамбарға салауат айтылды.
Жиылған жамағатты қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтады.DSCF7958 Мұхтасиб Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінің наиб имамы міндетін атқарушы Нұрхан қажы Асанұлы мәуліттің мән мағынасын түсіндірді. DSCF7964Мешіт жанынан дәріс алатын жас шәкірттердің, қала өнерпаздарының атсалысуымен діни әуезді әндер айтылып, күмбірлеген күйлер шертілді. DSCF7961Дініміздің жанашыры Мираш қажы Тәшетұлы елді имандылыққа шақырып, жастарды жат жолдан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Қаланың қарт тұрғыны, қаламы қарымды журналист, ақын, дін насихатшысы Сағи Әбілхасенұлына қалалық мешіттің алғыс хаты табыс етілді. DSCF7977
 Тағылымды шарада Мұхамед пайғамбардың өмір жолын айқындайтын слайдтар мен деректі фильм көрсетілді. Рухани әсермен тарқасқан ағайын шынайы пейілдерін танытып, арнайы қойылған жәшікке садақаларын салды.
DSCF7984
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓