Ф. Аракелянға қатысты іс қайта қаралды
Бүгін Қостанай облыстық соты судья Асламбек Мерғалиевтің төрағалық етуімен айыпталушы Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ф.Аракелян, Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-нің бұрынғы басшысы Ж.Шинкиннің және СМУ-2010» ЖШС-нің директоры А.Бобровныйдың және олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады.Апелляциялық сот инстанциясы Қостанай қалалық №2 сотының ағымдағы жылдың 7 сәуіріндегі Ф.Аракелянға қатысты шығарған үкімін жаза тағайындау бөлігінде өзгертті.
Облыстық сот алқасы сотталушы Аракелянның өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін білдіргендігін назарға алды. Кінәсін мойындау арқылы Аракелян өзімен бірге әрекет еткен Ж.Шинкиннің де қылмыстық әрекетке қатысы бар екенін айтты. Алайда, ол пара алуда өз кінәсін мойындаған жоқ.
Сот алқасы ҚР ҚК-нің 55 бабы 4 бөлігі арқылы Аракелянға тағайындалған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын 3 жыл 6 айға дейін қысқартты. Апелляциялық сот инстанциясы сотталушының жауапкершілігін және жазасын жеңілдетуде келесі жайттарды ескерді:
-бірінші инстанциялық сот үкімімен белгіленген 300 000 теңге көлеміндегі айыппұлды өтеуі;
-кінәсін толығымен мойындағаны және өкініш білдіргені;
-оның жұбайының қатерлі дертке шалдығуы;
-түрлі науқасқа шалдыққан кәмелеттік жасқа толмаған екі жас баласының болуы;
-сотталушының өзінің де демікпе ауруына шалдыққаны;
-жақсы мінезделетіндігі.
Сонымен қатар, Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ пайдасына сотталушылар Ж.Шинкин мен А.Бобровныйдан өндірілген 10 274 138 теңге көлеміндегі қаражатты 7 274 144 теңгеге дейін азайтылды.
Басқа бөлігінде Қостанай қалалық №2 сотының үкімі өзгертілген жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі