Құс фабрикасының директоры жауапкершілікке тартылды
Қостанай облысы Май ауылындағы «Север птица» кәсіпорнының басшысы өз жұмысшыларына шамамен 4 миллион теңге қарыз.
«Север птица» АҚ қызметкерлеріне еңбекақының уақытылы төленбеу фактісін еңбек заңнамасының сақталуын тексерудің нәтижесінде Таран аудандық прокуратурасы анықтаған.
Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалақы төлеу бойынша 3 млн 86 мың 837 теңге сомасындағы қарыздың болуы азаматтардың өз еңбектері үшін ақы алуда конституциялық құқығын бұзады.
Бақылау органы «Север птица» АҚ олқылықты жою туралы ескерту жасады. Бұл іс бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. «Север птица» АҚ президенті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау органы «Север птица» АҚ олқылықты жою туралы ескерту жасады. Бұл іс бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. «Север птица» АҚ президенті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.