Минуттар сырғып жатқанда…

Құтқарушылар күнінің қарсаңында ер азаматтарға олардың жігерліліктерін және қайраткерліктерін айтудың сәті түсіп тұр. Қостанай қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы Константин Куделин құрмет тұтуға әбден лайық тұлға. Ол өзін таптырмас маман ретінде сезінбейді. Өйткені бұл оның күнделікті жұмысы: адамдардың өмірі үшін тәуекелге бел буу, тілсіз жаумен күресу, уақытпен жарысу. DSC_0301 (2)
         Константин Куделин өткен жылы өзінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнінде жоғарғы кәсіби шеберлігі үшін бұрынғы облыс әкімі Н.Садуақасовтың мақтау грамотасымен марапатталған болатын. Костантин Куделин – өз ісінің асқан шебері, өрт сөндіру қызметінде 24 жыл еңбек етіп келеді. Ол өзінің қызмет жолында қаншама адамның  өмірін құтқарып қалды, бірақ өзінің кәсіби жетістіктері мен ерліктері туралы айтуды аса көп ұната қоймайды. Оның сөзі бойынша, ол ешқандай да ерлік емес, ол тек қана жұмыс, әр сүйікті жұмыс жоғары жауапкершілікті талап етеді.
         Құтқарушыға адамдар әрдәйім өзінің ықыласы мен алғысын білдіріп жатады. Бір күні ол жалынды оттан алып шығып, өмірін құтқарып қалған ер кісі оны өз көзімен көріп, шын көңілден алғысын білдіріп, өрт сөндірушінің қарулы қолын алуға келіпті.
         -Жұмыс уақыттарында  жыл мезгіліне, басқа да себептерге байланысты әртүрлі жағдайлар болады. Жаздыгүні орманды жерлердегі, бақшалардағы өрттерді сөндіруге шығамыз, қыстыгүні өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай пеш жағушыларға, жылытқыштармен жылынушыларды құтқаруға барамыз, көктемде терек үлпілімен күресеміз. Өрт сөндірудегі ең қызу маусымда күніне 30-40 рет шығуға тура келеді. Сондықтан біздің жұмыс көп жылдан бері автоматтануға жеткізілді. Жауапкершілік түскен уақытта барлық эмоцияны ысырып тастап, нақты жағдайда тек сауатты және шұғыл әрекет ету туралы ойлайсың. Уақыт минуттап, секундтап кетіп жатқанда ойлануға да уақыт болмайды. Төтенше оқиғаның масштабын тереңінен түсініп, жұмыс сәтті аяқталып, барлығы дұрыс жасалғанына толық көз жеткізгеннен кейін ғана эмоция бойды алады, – дейді Константин.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               
                                            Қалалық ТЖД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓