Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бибігүл Бүркітқызы Аққожина қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызметіне кірісті.20160610091943Б.Аққожина 1971 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін  психология мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Университетті аяқтағаннан кейін еңбек жолын 1997 жылы тамыздан Қостанай мемлекеттік университетінің жалпы және арнайы психология кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ал 2000 жылы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасында бас маман,  ал 2002 жылғы желтоқсаннан – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, 2009 жылғы шілдеден 2016 жылғы маусымға дейін  облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2016 жылғы 6 маусымнан Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓