Зейнеткер есірткі сатып келген

Қостанайдың полицейлері есірткі сатумен айналысқан 66 жастағы әйелді қолға түсірді. Күдікті өз үйінде құрықталған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан героин жасырылған қор сақтағышты тәркіледі.UzqLCXWLW4A
Бірінші қор сақтағыш диванды жәшік ішінен табылды. Героин жақсылап оралып, ерекше полиэтиленді қалтада сақтаулы болыпты. Ал бұдан кейінгі тінту шаралары үйдің ауласында жалғасады. Есік алдында да кейуана есірткілік заттар сақтауға арналған күркеше жасап қойыпты. Тәртіп сақшылары ол жерден героин салынған екінші пакетті тапты.uC_5_2xBsZ4
Кейін белгілі болғандай, кемпір жалпы салмағы 200 грамм героинді сату мақсатында сақтаған. Бұл салмақ аса ауқымды болып есептеледі. Аталмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта Рудный қаласының ІІБ-ның тергеу изоляторында отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде 112 заңсыз есірткі айналымы әшкереленіп, жалпы салмағы үш келіден асатын әртүрлі есірткі түрлері тәркіленген.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓