Оңай ақша оңалтпас

13 қарашада баспасөз клубында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері 9 айдың жұмыс қорытындысына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары  тілшілерімен  өткен кездесу барысында осыдан бірнеше ай бұрын «аса ірі көлемде пара алды»деп  ұсталған бірнеше  шенеунік және Қостанай қаласы  әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық істердің қалай тексеріліп жатқаны туралы сөз болды. 

a3eaa5b4d8661dd085b1202506e

Департаменттің сотқа дейінгі тексеру басқармасының  жетекшісі Амантай Есімовтың  айтуынша, жуық арада  тексерілген қылмыстық істер сотқа жіберілмек, бірақ қайсысы екені белгісіз. Сонымен бірге қылмыстық істердің  осынша айға созылуына  іс бойынша   өтетін куәгерлердің саны көп болуы да  себепші. Куәгерлердің арасында қызметтегі шенеуніктер де, мердігерлер де бар. Алдын ала мәлімет бойынша осы барлық істе жалпы алғанда, 90 млн. теңге жымқырылыпты. Сол секілді бұлардың әрқайсысы  бірнеше  түрлі іс,  бірнеше түрлі эпизод, олардың кейбіреуі бір-бірімен қиылысады. Осы қылмыстық істер бойынша түрлі сараптау жұмыстары жүргізілді. 

Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓