Әскери сотта – жаңа тағайындау
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мерей Исмушарифұлы Аманжулов Қостанай гарнизонының әскери сотына судья болып 25 ақпанда тағайындалған болатын.
Араға 4 ай салып Әскери сотының жалпы отырысында салтанатты түрде жас судьяның ант қабылдау рәсімі өтті. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бұл маңызды шараға Әскери соттың судьялары, отставкадағы судьялар және соттармен қарым-қатынас Кеңесінің мүшелері қатысты.
М.Аманжулов судья лауазымына тағайындалғанға дейін прокуратура органдарында 17 жыл қызмет атқарған.
Ж.Құрмашев