84 түлек сынақтан өтті

Биыл Жанкелдин ауданы бойынша 178 оқушы 11 сыныпты аяқтап, оның 84-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.IMG_2617ҰБТ-ға кірер алдында оларды аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы құттықтап, сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді.
Ұлттық бірыңғай тестінің қорытындысы бойынша білім сапасы – 21,43 ал орташа балл – 70,62. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш анағұрлым жақсы. Түлектер арасынан “Алытн белгіге” төрт үміткер ұсынылған болатын оның екеуі ата – аналар мен ұстаздардың сенімін ақтап, “Алтын белгі” иегерлері атанды. Олар: Н.Иванов орта мектебінің түлегі Аманжол Сапар және А.Қоңқабаев атындағы орта мектебінің түлегі Қаракөз Төлеген.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓