Рәміздерге арналған салтанат

  Облыс орталығындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті._MG_5659
  Салтанат барысында еліміздің Туы көтерілгенде саптық алаңға жиналған академияның бір мыңға жуық қызметкері соның ішінде профессорлық-оқытушылар құрамы, білім алушы курсанттар әнұранды шырқады. Жиналғандарды академияның бастығы, полиция полковнигі М. Қызылов құтықтап, жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, отансүйгіштікті, ұлт бірлігін қалыптастырудың негізі болып табылатындығын,  мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар екенін, олар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер екенін айтып өтті._MG_5859 
_MG_5925Содан кейін  философия ғылымдарының докторы, академияның ардагері Сапар Қолдыбаев, ақын Серікбай Оспанов сөз сөйлеп, жүрекжарды құттықтауларын білдірді. Салтанатта Академияның аға оқытушысы Медетбек Смағұлов  мемлекеттік рәміздер туралы қысқаша баяндама оқыды.  Сол секілді академияның бір топ қызметкерлері, курсанттары мақтау қағаздарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓