Тобыл жағалауын тазалады
«Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы бойынша мамыр айынын аяғына дейін «Таза су айдындары» акциясын өткізді.
Акцияға облыстың көптеген мекемелері мен оқу орындары қатысты, соның ішінде Қостанай облысы бойынша экология департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының «Жас отан» жастар қанатының белсенділері, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі, Садовый селолық округі орта мектебінің оқушылары, Қостанай әкімдігінің жастар саясаты басқармасы, сонымен қатар балық шаруашылығын жүргізуге су айдындарын бекіткен пайдаланушылар да қатысты. Жалпы, акцияға қала бойынша 650 –ге жуық адам қатысты. Инспекцияның мемлекеттік инспекторларымен Тобыл өзенінің 40 шақырымдай аумағы тралданып, 5 шақырымнан артық жағалауы қоқыстан тазартылды.Акция барысында су айдындарынан ұзындығы шамамен 2,5 шақырымнан астам 22 ау алынды, 110 қап қоқыс жиналды, балық шаруашылығы Ережесін бұзғаны үшін бір әкімшілік хаттама толтырылды.