Қанжығасы майланып қайтты

Таяуда Жамбыл облысының Жуалы ауданында сазгер А.Қоразбаевтің "Ән-жырым саған, туған ел" атты халықаралық байқауы өтті. 2-рет ұйымдастырылған әншілер додасында жерлесіміз Арғынбек Бейбітхан жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлап қайтты. IMG_20160528_233826Байқау шарты бойынша, алғашқы іріктеу айналымында тиісті мекенжайға бейнетаспа түріндегі жұмыстарды жіберу керек еді. Арғынбек бұл сыннан сүрінбей өтті. Тек Қазақстанның әр қиырынан ғана емес, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен қатысуға өтініш берген үміткерлердің қатары болған. Сондықтан да ақырғы кезеңге өткенде жерлесіміз жеңіске бір табан жақындағандай қуаныпты.
-Соңғы айналымда бабымды сынау үшін Таразға жол тарттым. 26 қатысушы таңдап алыныппыз. Бұл кезеңде де А.Қоразбаевтің екі әнін және халық композиторларының кез келген бір шығармасын орындау керек болды. Мен Алтынбектің "Қызым, саған айтамын" және "Елге сәлем" әндерін ортаға алып шықтым. Еркін тақырыптқа "Молдабайдың әнін" таңдаған болатынмын. Бір абырой болғаны, қазылар менің нөмірлерімді бастан-аяқ тыңдады. Мұндай ғанибет бәріне бірдей бұйырмай жатқан еді,-дейді жас әнші.IMG-20160525-WA0007
IMG-20160526-WA0005Әділ қазылар алқасында Тұңғышбай әл-Тарази, Саят Медеуов, Алтын Махамбетова және Түркиядан келген әнші Вазель Тужум сынды өнерпаздар отырыпты. Байқау қорытындысында Қостанай облысының намысын арқалап барған Арғынбек үшінші орынға ие болып, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓