Қуғын-сүргін құрбандарына тағзым

Алаш арыстары А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби мұражайының алдында аудан жұртшылығы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым жасады.IMG_2524
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров сол кешегі қайғы-қасірет төнген зұлмат заманда жазықсыз жазаланған ата-бабаларымыздың есімдерін маржан сөзбен тізбектеп, ел үшін жасаған жанқиярлық ерлік істерін тілге тиек етті.IMG_2540
Сонымен қатар қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары сөз сөйлеп, ата-бабаларын еске алды. “Оспанқожа әулие” мешітінің бас имамы Аян Хасенов жазықсыз құрбандардың рухына құран бағыштады. Ал Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің театр әртістері Түркі әлеміне танымал қоғам қайраткері Ә.Бокейханов жайлы шағын көріністі көпшіліктің назарына ұсынды.IMG_2533 Сондай-ақ, аталмыш мұражайдың ішінде қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алашорда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың қиыншылыққа толы өмірінен сыр шертетін “Алаш алыптары” атты деректі фильм көрсетілді.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓